21 мамыр 2017 09:43

Назарбаев пен Трамп Сауд Арабиясына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті "АҚШ - Ислам әлемі" саммитіне қатысу үшін Эр-Рияд қаласына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті "АҚШ - Ислам әлемі" саммитіне қатысу үшін Эр-Рияд қаласына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

24 Хабар арнасының мәліметінше, Мемлекет басшысының бұл сапары жөні бөлек жиынға арналады. Ертең мұнайлы ел астанасы Америка - мұсылман елдері саммитін өткізеді. Қолдағы бар мәлімет бойынша келелі жиынға 50-ден аса мемлекеттің басшылары қатысады. Қазақстанның бұл кеңесте алатын орны ерекше болмақ.

Американың Президенті Дональд Трамп та кездесуге қатысады. Бұл жаңалықты жаһан журналистері жарыса жазып жатыр. Себебі Ақ үйдің қожайыны алғашқы сапарын осы Эр-Риядтан бастайды. АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Герберт Макмастер тілшілерге берген сұхбатында Дональд Трамп Сауд Арабиясында ислам діні жайында кең көлемде сөз сөйлейді және онда ол исламдағы радикализм, террориммен күрес жайында баяндама жасайды деген. Әлем елдері көз тігетін ертеңгі жиында тағы маңызды мәлімдемелер жасалады.


© Reuters 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети