Назарбаев Порошенкомен Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады

© Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина басшысы Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Украина президенті Қазақстанға 2015 жылдың қазан айындағы сапары кезінде көрсетілген құрметке алғыс айтты. 

Мемлекеттер басшылары сауда жолдарын тиімді пайдаланудың жаңа жағдайларындағы екіжақты әріптестіктің өзекті мәселелерін және мүмкіндіктерін талқылады. Осыған дейін Украинадан Қазақстанға қарай келетін тауарды тасымалдау жағдайларының өзгергені хабарланған еді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай бойынша пікір алмасудың өткені айтылады.

Қазақстан Президенті қақтығысты шешуде және Украина мен Ресейдің арасындағы шиеленісті жою үшін ымыраға шақырды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама