25 ақпан 2019 | 12:40

Назарбаев премьер-министр қызметіне Маминнің кандидатурасын ұсынды

Асқар Мамин

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісіне премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды", - делінген Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын және Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. "Қазақстан Темір Жолы" АҚ басқарды, Астана әкімі және көлік және коммуникация министрі қызметтерін атқарды. Бірінші вице-премьер лауазымында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. Үкімет тараған уақытта премьер-министрдің міндетін атқарды.

Еске салайық, 21 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев үкімет отставкаға кетуі тиіс деген мәлімдеме жасаған болатын. "Мен "Нұр Отан" партиясының жақында өтетін съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынамын. Бұған бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болады", - деген еді Мемлекет басшысы. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная