Назарбаев Президент Әкімшілігімен кездесті

© akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин, Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында Президент Әкімшілігінің 2015 жылғы қызметінің қысқаша қорытындылары шығарылды.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ел алдында маңызды міндеттер тұрғанын, оларды табысты жүзеге асыру көбіне-көп мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне байланысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жиналған қауымды алдағы Жаңа жылмен құттықтап, мықты денсаулық, жемісті жұмыс және бақ-береке тіледі. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама