18 қаңтар 2022 17:03

Назарбаев: Президент Тоқаев Nur Otan басшысы болып сайланады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Nur Otan партиясының басшысы болып сайланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Nur Otan партиясының басшысы болып сайланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда толық билікке ие екенін атап өтті.

"Ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Жақында Президент Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитада ешқандай дау-дамай, текетірес жоқ", - деді ол.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев элитадағы текетірес немесе жанжал туралы қауесеттердің мүлдем негізсіз екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуінің толық мәтіні мен видеосы мына сілтемеден көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram