Назарбаев Путин мен Ердоғанға Сириядағы қақтығысты реттеу үшін Астанада келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев. © akorda.kz

Елбасы Н?рс?лтан Назарбаев Ресей Федерациясыны? президенті Владимир Путинмен ж?не Т?ркия президенті Режеп Тайип Ердо?анмен телефон ар?ылы с?йлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен және Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Түркия мен Ресей басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай құттықтап, Қазақстан халқына аман-саулық пен гүлденуді тіледі.

Владимир Путинмен әңгіме барысында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының алдағы саммитіне дайындық талқыланды. 

Реклама
Реклама

Ал Түркия президенті Ердоған әңгіме барысында Астанаға 12 желтоқсанға жоспарланған сапарының кейінге қалдырылғанына өкініш білдірді. Түркия көшбасшысы алдағы уақытта Қазақстан Республикасына сапарлап келуге дайын екенін жеткізді.

Түркия мен Ресей президенттері Мемлекет басшысымен өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Екі елдің басшылары Астанада Сириядағы қақтығысып жатқан тараптар арасында бейбіт келіссөздер жүргізуге мүдде танытып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, мұндай келіссөздерді жүргізуге елордада алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы еліміздің Сириядағы қақтығыстарды бейбіт түрде реттеуге бағытталған халықаралық іс-әрекеттерді әуелден қолдайтынын атап өтті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама