Назарбаев Путин мен Мирзиёевты Сарыағашта күтіп алды
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.