Назарбаев Путинді дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады

© Akorda.kz

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясыны? Президенті Владимир Путинге ??тты?тау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.
 
Н?рс?лтан Назарбаев Владимир Путинді ?аза?стан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында?ы дипломатиялы? ?арым-?атынасты? орна?анына 25 жыл толуымен ??тты?тады.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады.

"Біздің мемлекетаралық қарым-қатынастарымыз 2013 жылғы 11 қарашадағы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы екіжақты шарттың аясында және соның ережелеріне сай дамып келе жатқаны қуантады.

Елдеріміз арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық Астана мен Мәскеудің сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестігін дамытудың маңызды бөлігі болып саналады.

Реклама
Реклама

Мен арамызда қалыптасқан шынайы жеке қарым-қатынасты да жоғары бағалаймын. Бұл ретте, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту бағыты халықтарымыз тарапынан кеңінен қолдау тауып отырғаны маңызды", - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Ресей Президентіне зор денсаулық, алға қойған жоспарларын жүзеге асыру жолында толағай табыс тілеп, достас Ресей халқының одан әрі өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

Мұның алдында Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтап, қос елдің Еуразиялық экономикалық одаққа қосқан үлесі өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізіп жатқанын атап өткен еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news9
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама