ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 қазан 2017 14:29
Назарбаев Путинді туған күнімен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу