Назарбаев Путинмен Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздерді талқылады

© kremlin.ru

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Астанада Сирияда?ы ?а?ты?ысты бейбіт реттеуге арнал?ан келісс?здерді ?ткізу жайлы ??гімелесті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Астанада Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді өткізу жайлы әңгімелесті, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Астанада Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді өткізуге қатысты мәселелер, сондай-ақ, Еуразия экономикалық одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Санкт-Петербургте өткізген саммиттерінің қорытындысы талқыланды", - делінген Кремльдің баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, осыған дейін Назарбаев Путинмен және Ердоғанмен Сириядағы жағдайды реттеу мәселелерін талқылаған болатын. Ресей мен Түркия Президенттері Елбасымен күн тәртібіндегі өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. Ресей мен Түркия көшбасшылары Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы ахуалды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді Астанада өткізуге мүдделі екендіктерін білдірген еді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама