Назарбаев Қайрат Әбдірахмановты қабылдады

Назарбаев Қайрат Әбдірахмановты қабылдады © akorda.kz

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев ..., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ..., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы қызметі туралы мәлімделіп, бірқатар халықаралық іс-шараларды өткізу қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Сыртқы істер министрі Елбасына БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясына қатысуының нәтижелері жөнінде баяндап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуіміздің негізгі басымдықтары туралы айтты.   

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі ынтымақтастығының негізгі бағыттарына тоқталып, осы ұйымға мүше елдердің барлығы Қазақстан Президентінің Сириядағы қақтығысты реттеуге бағытталған бітімгерлік бастамасына оң баға беріп отырғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, Қайрат Әбдірахманов Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері биылғы қыркүйекте Астанада өткен осы ұйымның ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінің нәтижелерін жоғары бағалайтынын ерекше атап өтті.  

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама