Назарбаев Қанат Бозымбаевқа жарияланған сөгістің күшін жойды

© akorda.kz

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев ?зіні? б?йры?ымен 2017 жылды? к?зінде энергетика министрі ?анат Бозымбаев?а жарияла?ан с?гісті? к?шін жойды. Б?л туралы "Казахстанская правда" газетінде айтылады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бұйрығымен 2017 жылдың күзінде энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жариялаған сөгістің күшін жойды. Бұл туралы "Казахстанская правда" газетінде айтылады.

"Мемлекет басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасы энергетика министрі Бозымбаев Қанат Алдабергенұлына жарияланған сөгістің күші жойылды", - деп келтіреді хабарламадағы мәтінді РИА Новости.

Еске сала кетейік, Назарбаев былтыр күзде еліміздегі жанар-жағармай материалдарының тапшылығына байланысты Бозымбаевқа сөгіс жариялаған болатын. 

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздегі жанармай тапшылығы Қазақстан Үкіметі мен Энергетика министрлігі тарапынан нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін уақтылы шешім қабылдамауы салдарынан болып отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news15
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама