Назарбаев қандай түс көретінін айтты

Сурет Ақорда баспасөз қызметінен

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының металлургтарымен кездесу барысында қандай түс көрсетіні туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз барлығымыз метталургтар біргеміз және бір партиядамыз. Біз еліміз бен халқымызға қызмет етеміз. Мен түсімде де домна пешінің ошағында тұрғанымды көремін. Соңғы кездерде де түсіме кіреді. Осылайша қан мен теріге сіңіп кеткен. Бұл ауыр жұмыс, ауа таза емес. Бірақ сонда да біз осы жұмысты жақсы көреміз, дұрыс емес пе?", - деді Президент Instagram желісінде жарияланған видеода. 

"Мен өз өмірімді қара металлургияға арнадым деп ойладым және басқа жұмыста өзімді көрген емеспін. Президент боламын деп ойламадым. Осылай болды. Өмір алып келді", - дейді Назарбаев. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Ақорданың хабарлауынша, сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорнын аралап, өңірдің инфрақұрылым даму жоспарымен танысады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік және мәдени нысандарда болып, Қарағанды облысын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында Теміртау қаласының мәдениет және демалыс саябағында болды

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама