Назарбаев қару-жарақпен жарысу туралы пікірін айтты

© Тұрар Қазанғапов

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев ?лемдегі ?арулану?а ?аржы ж?мсауды арттыру туралы ?з ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі қарулануға қаржы жұмсауды арттыру туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астана клубының үшінші жыл сайынғы отырысында Президент милитаристік көңіл-күйдің артып келе жатқаны, қарумен жарысу және ядролық қаруды қолдану қаупі туралы сөз сөйледі. 

"Таяу Шығыс пен Африкада қарулы қақтығыстар көптен бері жалғасып келеді. Ауғаныстан, Ирак, Украина, Таулы Қарабақтағы жағдай созылмалы болып кетті. Әлемдік шиеленіс қаруға деген сұранысты арттырып отыр", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Реклама
Реклама

Елбасы әлемдік әскери шығындар кезекті рет артып отырғанын атап өтті. "Әскери шығындардың артуы - бұл қауіпсіздікке ғана төнген қатер емес, бұл экономика мен адам ресурстарының даму мен шынайы қажеттіден аластату", - дейді Прехидент. 

"Жаппай қырып-жою қаруын сынақтан өткізу, Корей түбегіндегі жағдай бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Осыған қатысты ірі державалар арасында зымыранға қарсы қорғаныс, ядролық қаруды қысқарту туралы өзара келісушілік жоқ", - деп атап өтті ол. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама