Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды © instagram/akordapress

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды. Бұл заң "Казахстанская правда" газетінде жарияланып, өз күшіне енді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, биыл 5 шілдеде парламент мүшелері осы заңды мақұлдап, Мемлекет басшысы заңға қол қойған болатын. Қазақстанның Конституциялық кеңесі құжатты Конституцияға сәйкес деп таныды.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына өмір бойы Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болу құқығы берілді", - делінген жарияланған заңда.

Жарнама
Жарнама

 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама