Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, оның талаптарын мүлтіксіз орындау, рухын берік ұстану еліміздің табысты дамуының басты қайнар көзі мен кепілі болып саналатынын атап өтті.

Қазақстан Президенті Негізгі заңның нормаларының арқасында экономикалық өсімді, халықтың әл-ауқатының артуын, халықаралық аренада республика беделінің жоғарылауын қамтамасыз еткен терең реформалар жүргізілгеніне тоқталды.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Конституцияда белгіленген қазақстандық құндылықтар "Мәңгілік Ел" патриоттық актісінде көрініс тапты.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға бақ-береке тілеп, қоғам мен мемлекеттің ортақ күш-жігерінің Конституция әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталғанын атап өтті.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама