Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

© akorda.kz

?Р Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Ораза айт мерекесіне орай ?аза?стан хал?ын ??тты?тады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ораза айт мерекесіне орай Қазақстан халқын құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар - бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі", - делінген құттықтау сөзінде. 

Сонымен қатар құттықтауда Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастың жылылығы мен айналасындағылардың қамқорлығын сезіну үшін қайырымдылық шаралары жасалатыны айтылған. Ізгі ниет пен игі істер қоғамда өзара түсіністіктің орнауына, халқымыздың татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл - еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының басты кепілі екені жазылған.

Реклама
Реклама

"Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым бейбітшілік пен жасампаздықтың жылуын ұялатсын! Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Ораза айт қабыл болсын!", - делінген жарияланған құттықтау сөзінде. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама