Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

© akorda.kz

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев ?аза?станды?тарды Ораза айт мерекесімен ??тты?тады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар! Баршаңызды күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі мейрам - Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айы - рухани жаңарудың символы. Бұл кезде адамдар мейірімділік, ізгілік, татулық пен келісім сияқты бірегей құндылықтарға бет бұрып, әркім өзінің әрекеті мен  өзгелерге қарым-қатынасын қайта бір саралайды. 

Реклама
Реклама

Рухани жаңарып, жаңғыруға талпыну бәріміз үшін маңызды және ол қазіргі қазақстандық қоғам алдындағы міндеттерге неғұрлым сай келеді. Біз ерте заманнан озық ғылым мен білімді дамытуға жол ашып, адамдарды өздерін жетілдіруге және үндестікте өмір сүруге бастап келе жатқан қасиетті исламның жасампаз рөлін кәдеге жарата білуіміз керек. Осы мереке күндері әрбір мұсылман жақсы істер жасауға, жақындарына қуаныш сыйлап, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады.

Осындай ізгі ниеттер мен игілікті істер еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға зор септігін тигізетін біздің ұлттық бірегейлігімізге негіз болуда.   

Шуақты Ораза айт мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!", - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама