Назарбаев қазақстандықтарды жұмыс істеуге шақырды

Видеодан алынған кадр

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев ?аза?станды?тарды ж?мыс істеуге ж?не к?сіп?ой маман болу?а ша?ырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жұмыс істеуге және кәсіпқой маман болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Мемлекет басшысы осыған дейін кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға жария түрде қол қойған болатын. Кейінірек Президенттің баспасөз қызметі Назарбаевтың үндеуін жариялады.

"Заңңың біздің "Бес әлеуметтік бастаманы" қабылдап жатқанымызда жарияланғаны дұрыс болды. Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларға ипотекалық тұрғын үйлердің құрылысы дамып жатыр. Студенттерге арналған жатақханалар салынады. Мұның барлығы - бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер, сондай-ақ, нысандар жекешелендіретін болды. Сондықтан да мен қазақстандықтарды жұмыс істеуге шақырады. Бүгін әрбір жұмыс істейтін қазақстандық ипотекамен баспана ала алады, университетке де түсе алады, сондай-ақ, өздерінің отбасыларының жағдайын жақсарта алады", - деді Президент.

Реклама
Реклама

"Мұнда мәселе, қазақстандыққа жұмыс тауып беру емес, мәселе, ол таңдаған мамандықта. Барлығы да кәсіпқой мамандарды іздейді, жұмыс істей алатын адамдарды. Яғни, бүгін бізге мамандығы бар, жұмыс істей алатын адам қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Tengrinews
Автор сұрағы
news11
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама