Назарбаев Қорғаныс министрі Ермекбаевты қабылдады

Назарбаев Қорғаныс министрі Ермекбаевты қабылдады © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы, сондай-ақ оны одан әрі дамытудың басым бағыттары жөнінде мәлімделді.

Нұрлан Ермекбаев Мемлекет басшысына жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру, армияны қару-жарақпен қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу ісіне байланысты атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Қорғаныс министрі бітімгершілік миссия құрамындағы қазақстандық контингенттің қызметіне тоқталды.

Жарнама
Жарнама

Соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама