Назарбаев Қорғаныс министрлігі, ҰҚК және Ұлттық гвардия қызметкерлерінің жалақысын көтерді

© Тұрар Қазанғапов

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Отан ?ор?аушылар к?ні ?арса?ында генерал погондары мен мемлекеттік марапаттарды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?ордадан.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында генерал погондары мен мемлекеттік марапаттарды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Отан қорғаушылар күні қарсаңындағы марапаттау рәсімінің алдында әскери міндеттілерге жалақыны көтеру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

"Мемлекет қиындықтарға қарамастан материалдық-техникалық базаны нығайту үшін бар күшін салып жатыр. Біз мұндай еңбекті, халық игілігі үшін жасалып жатқан жауынгерлік еңбекті жоғары бағалаймыз", - деді Президент Ақордада жиналған әскери қызметкерлерге.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті жаңа жаһандық қауіп-қатерлер жағдайында еліміздің қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы барлық құрылымдарының кәсіби және жауынгерлік дайындығының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударып, бұл ретте командирлер корпусының ерекше рөлін атап өтті.

"Сіздер жауынгерлік өнегелі үрдісті, бабалардың ерлік дәстүрін жалғастырып, барлық жеке құрам үшін қалтқысыз қызметтің үлгісін көрсетіп келесіздер. Әскери дайындық деңгейінің артуы, әскердегі және құқық қорғау органдарындағы мінсіз ахуал сіздердің басшылық ету ісін сауатты жүргізулеріңізге байланысты. Күш-қуаттарыңыз, білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті, еліміздің конституциялық құрылымын сақтауға бағытталуға тиіс. Сіздер қоғамдағы ең жауапты миссияны - қазақстандықтардың бейбіт өмірі мен тәуелсіздігіміздің құндылықтарын қорғау ісін жүзеге асырып келесіздер", - деді Елбасы.

"Республика Тәуелсіздігінің 25-жылдығына, ҚР Қарулы күштерінің 25-жылдығына орай мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлерінің, ҰҚК, Ұлттық гвардия мен мемлекеттік күзет қызметіндегілердің жалақысын 1 шілдеден бастап 25 пайызға өсіру туралы шешім қабылдадым. (...) Қуанып жатқандарыңызды естіп тұрған жоқпын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

1992 жылдың 7 мамырында ҚР Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныс комитеті пайда болды. Сол күні Қазақстан Президенті, Жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы күштерді құру туралы қаулыға қол қойды. ҚР Парламентінің 2012 жылдың 4 қаңтарындағы құжатына сәйкес, 7 мамыр елімізде демалыс күні болып саналады.

Айта кетейік, 7 мамырда Астанада ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына және Жеңіс күніне байланысты әскери шеру өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама