Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісін тарату туралы Қаулыға қол қойды

Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісін тарату туралы Қаулыға қол қойды © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кезектен тыс Мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына бекітілді.

Айта кетейік, 13 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымындағы депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды Қазақстан Президентінен сұрады және кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастама көтерді.

Реклама
Реклама

18 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кеңес өткізген еді. Кездесуге Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин де қатысты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама