ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 наурыз 2017 19:50
Назарбаев Құқық қорғау органдары академиясының ректорын қызметтен босатты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Құқық қорғау органдары академиясының ректорын қызметтен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметінен босатылды", - деп хабарланды Ақорданың сайтында.
Еске салайық, Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметіне 2015 жылдың 27 тамызында келген болатын.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу