Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

© akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қытай дипломаты Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы сәуірде Бейжің қаласында өтетін "Бір белдеу, бір жол" атты ІІ халықаралық ынтымақтастық форумына шақыруын жеткізді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама