Назарбаев Ресей мен Беларусь арасындағы проблемаларға алаңдаушылық білдірді

© Sputnik Беларусь

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Беларусь Республикасыны? Президенті Александр Лукашенкомен телефон ар?ылы с?йлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 
 
??гіме барысында Н?рс?лтан Назарбаев пен Александр Лукашенко екіжа?ты ынтыма?тасты?ты? мейлінше ?зекті та?ырыптарын тал?ылады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 
 
Əңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті тақырыптарын талқылады.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен оның бұдан əрі дамуының мəселелері жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Беларусь Президентін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне жəне Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына шақырды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Беларусь Президентінің ресми сайтында екі жақтың қазіргі мәселелерге алаңдаушылық білдіретіндеріні айтылған. 

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Беларусь арасындағы проблемаларға алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар, ол қазіргі мәселелер одақ ішінде өзара шешімін табады деген сенімде", - деп жазылған Беларусь президентінің сайтында. 

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев белорус басшысына Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәселелерді және оның шешімдерін айтқан. Екі жақ қазақ-белорус қарым-қатынасын талқылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама