Назарбаев Ресейде болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

© REUTERS

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев М?скеу т?бінде бол?ан ?ша? апатынан ?аза тап?андарды? отбасына к??іл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу түбінде болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мәскеу облысында Ан-148 жолаушылар ұшағының құлауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын", - делінген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге жолданған жеделхатта.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 11 ақпанда күндізгі уақытта Ан-148 ұшағы сағат 14.21-де Домодедово әуежайынан ұшып шығып, 7 минуттан кейін, яғни сағат 14.28-де күтпеген жерден радарлардың экранынан жоғалып кетті

Жоғалып кеткен Ан-148 ұшағының бортында 65 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған. Қылмыстық іс қозғалды. 

Ал кейінірек қаза тапқандар тізімі және оқиға орнынан суреттер жарияланды. Сондай-ақ, Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта ұлты қазақ жолаушының болғаны айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news51
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама