Назарбаев Ресейде "Жыл адамы" атанды

© instagram.com/akordapress

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде "Халықаралық қатынастар" номинациясы бойынша "Жыл адамы-2015" атағына ие болды. Марапаттау рәсімі Мәскеуде өтті. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің сайтында хабарланды.

Жүлдені ұйымдастырушылардың айтуынша, Орыс биографиялық институты және Экономикалық стратегиялар институты Назарбаевтың "Еуразиялық экономикалық одақтың нығаюына атсалысқанын және халықаралық саясаттағы жетістіктерін" негізге алған. 2012 және 2014 жылдары да Президент осы жүлдені иеленген болатын.


Фото: kazembassy.ru

Реклама
Реклама

2015 жылы "Жыл адамы" жүлдесіне Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, ҚХР басшысы Си Цзиньпин, Куба басшысы Рауль Кастро, Татарстанның алғашқы президенті Минтимер Шаймиев, академик Лео Бокерия, кинорежиссер Никита Михалков ие болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама