ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 қазан 2016 12:44
Назарбаев салқын тиіп сырқаттанып қалды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауырып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Салқын тиіп сырқаттанып қалуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ем қабылдауда", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Армения президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған БАҚ-тардың мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев 13 қазанда ресми сапармен Ереванға барады. 14 қазанда Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері қатысады деп жоспарланған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу