Назарбаев "Самұрық-Қазына" мен "Лукойл" басшыларын қабылдады

Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен "Лукойл" ЖАҚ президенті Вагит Алекперовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен "Лукойл" ЖАҚ президенті Вагит Алекперовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды.

"Сіздің компанияңыз Қазақстандағы ертеден келе жатқан ірі инвесторлардың бірі болып саналады. Сіз Теңіз, Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарында жұмыс істейсіз, "Каспий құбыр консорциумы" инфрақұрылымдық жобасына қатысасыз", - деді "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқару кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Реклама
Реклама

Вагит Алекперов Елбасына бірлескен жобаларды іске асыру, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орындарын игеру арқылы Қазақстан экономикасына инвестициялар көлемін арттыру жоспарлары туралы айтты.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Лукойл" басшысын қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная