Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Назарбаев: Санкция алмасудың қатаюы - тығырыққа тірелу

12 Тамыз 2014, 12:13
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
Малайзия елшісі Дато Хидайат бин Абдул Хамид. ©Тұрар Қазанғапов
Малайзия елшісі Дато Хидайат бин Абдул Хамид. ©Тұрар Қазанғапов
Эстония елшісі Яан Рейнхольд. ©Тұрар Қазанғапов
Эстония елшісі Яан Рейнхольд. ©Тұрар Қазанғапов
Ливия елшісі Салим Абдурахман әл-Суейти. ©Тұрар Қазанғапов
Ливия елшісі Салим Абдурахман әл-Суейти. ©Тұрар Қазанғапов
Иран елшісі Можтаба Дамирчилу. ©Тұрар Қазанғапов
Иран елшісі Можтаба Дамирчилу. ©Тұрар Қазанғапов
Тәжікстан елшісі Назирмад Ализода. ©Тұрар Қазанғапов
Тәжікстан елшісі Назирмад Ализода. ©Тұрар Қазанғапов
Канада елшісі Шон Перри Стайл. ©Тұрар Қазанғапов
Канада елшісі Шон Перри Стайл. ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлемде болып жатқан келіспеушіліктерді шешудің бейбіт жолдарын іздеуді тоқтатпауға шақырды. Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс пен Таяу Шығыстағы тұрақсыздық - ғаламдық дағдарыстың салдары. Президент өз мәлімдемесінде Ресей мен Батыс арасындағы санкциялық текетірес жайлы да атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл қиын уақытта жанжалдардың одан әрі үдеуіне жол бермеудің маңызы ерекше. Санкция алмасудың қатаюы - тығырыққа тірелу. Оны шешудің жалғыз баламасы - келіссөздер, барлық күрделі мәселе бойынша түйісу нүктесін табу. Қазақстан бұл баламаға иек артады және мүмкіндігінше ықпал етуге тырысады. Ең бастысы - келіспеушіліктерді шешудің бейбіт жолдарын іздеуді тоқтатпау қажет", - деді Мемлекет басшысы шетелдік дипмиссия басшылары оған сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін.

Ақордада өткен салтанатты шараға Малайзия елшісі Дато Хидайат бин Абдул Хамид, Эстония елшісі Яан Рейнхольд, Ливия елшісі Салим Абдурахман әл-Суейти, Иран елшісі Можтаба Дамирчилу, Тәжікстан елшісі Назирмад Ализода, Канада елшісі Шон Перри Стайл қатысты. 

Президент бүгінде Қазақстанның шетелдік бизнестің индустриялық бағдарламаға қатысуы үшін қолайлы жағдай туғызып отырғанын атап өтті. Соның ішінде, 10 елдің инвесторларына визасыз тәртіп жарияланды және бұл тізім кеңейетін болады.

"Макроэкономикалық көрсеткіштер, біздің заңдарымыздың тұрақтылығы, елдегі саяси тұрақтылық, ішкі жалпы өнімнің 6%-ға өсуі, 100 млрд доллардан асатын халықаралық резервтер елде сенімді жұмыс істеуге негіз болады. Өздеріңіз байқағандай, сол үшін, бизнес-ортаны тиімді басқару үшін біз жинақы Үкіметті қалыптастырдық. Қазақстан шетелдік инвесторлардың индустриализацияға қатысуы үшін бірегей жағдайлар жасап отыр. Ол - төменгі салық, жеңілдіктер мен тұрақтылық", - деді Елбасы.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай