ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 қазан 2016 15:12
Назарбаев Сауд Арабиясына бара жатыр
Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясына ресми сапарбер бара жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президентінің Сауд Арабиясында 24 және 25 қазанда болатыны айтылады. Еске салайық, 21 қазанда Назарбаев БАЭ Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездескен болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен, тақ мұрагері, премьер-министрдің бірінші орынбасары, Сауд Арабиясының ішкі істер министрі Мұхаммед бен Наиф Әл Саудпен, тақ мұрагерінің ізбасары, премьер-министрдің екінші орынбасары, Сауд Арабиясының қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салманмен, сондай-ақ Ислам даму банкінің жаңадан тағайындалған президенті Бандар бен Мухаммад Хаджармен кездеседі.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу