Назарбаев Сауд Арабиясының министрімен кездесті

© Ақорданың баспасөз қызметі

Н?рс?лтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігіні? Парсы-араб шы?ана?ы істері ж?ніндегі мемлекеттік министрі Самер ?л-Сабханмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Парсы-араб шығанағы істері жөніндегі мемлекеттік министрі Самер Әл-Сабханмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Қазақстан Президенті былтыр күзде Сауд Арабиясы Корольдігіне барған ресми сапарының қорытындысында қол жеткізілген маңызды нәтижелерге назар аударды.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы 25 жылда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып, тәжірибе алмасу жолға қойылғанын, сондай-ақ кең ауқымды мәселелер жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілгенін атап өтті.

Мемлекет басшысы елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстан алдағы уақытта да бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Сонымен қатар, тараптар күн тәртібіндегі маңызды жайттарды, соның ішінде өңірлік қауіпсіздік, конфессияаралық қақтығыстарды шешу мәселелерін талқылады.


© Ақорданың баспасөз қызметі

"Өзіңізге мәлім, жақында Астанада Сириядағы қақтығыстар жөнінде кезекті келіссөз өтті. Бұл кездесуге Сирия оппозициясының барлық өкілі қатысқанын атап өткен жөн", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Самер Әл-Сабхан Қазақстан Президентіне екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, Сауд Арабиясы Королінің сәлемін жеткізді.

"Біз Қазақстанға ислам әлеміне қатысты мәселелерді шешуге қосқан үлесі, соның ішінде Сириядағы қантөгісті тоқтатуға деген ұмтылысы үшін ризашылық білдіреміз. Сауд Арабиясы Корольдігі Сириядағы қақтығыстар саяси реттеу арқылы шешілуге тиіс деп санайды. Біз бұл мәселені тек бейбіт жолмен шешу жөніндегі Сіздің ұстанымыңызды қолдаймыз", - деді Самер Әл-Сабхан.

Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан Президентінің көмекшісі Н.Онжанов, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов және Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази қатысты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news15
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама