Назарбаев Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады

© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы ?збекстан Республикасыны? Президенті Шавкат Мирзиёевке к??іл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.

"Орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіріп, Қазақстан халқы және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news8
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама