ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 қараша 2016 23:03
Назарбаев Шавкат Мирзиеевті кандидатурасын президенттіке үміткер ретінде ұсынуымен құттықтады
Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті биылғы 4 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Президенті сайлануына кандидатурасының ұсынылуымен құттықтады.
Тараптар елдеріміздің сауда-экономикалық қарым-қатынас аясын кеңейтуге тың серпін берген үкіметаралық байланыстардың жандануына оң баға берді.
Әңгімелесу кезінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларына баса назар аударылды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу