Назарбаев Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты

Н?рс?лтан Назарбаев ?ара?анды облысы Шахан кентінде бол?ан т?тенше жа?дай?а байланысты к??іл айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысы Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан кентінде көп пәтерлі үйдің кіреберісі құлап, адам шығынына әкеп соқтырғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Қазақстан Президенті қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", - делінеген ресми сайтта.

Елбасы Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама