Назарбаев саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұраққа жауап берді

Назарбаев саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұраққа жауап берді

Республикалы? БА? ?кілдерімен кездесу барысында Н?рс?лтан Назарбаев саяси б?секелестікті? жо?ты?ы жайлы с?ра??а жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны А?орданы? баспас?з ?ызметі жариялады. 

Республикалық БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Ақорданың баспасөз қызметі жариялады. 

"Қазір көптеген елдің парламенттік билікке қарағанда күшті президенттік билікке қайта оралып жатқаны жайлы айттыңыз. Себебі күшті президенттік биліктің зор басымдығы бар. Бұл жылдам, тиімді, қоғамдық пікірге қарамай, саяси күреске назар аудармай әрекет ету мүмкіндігі. Айтыңызшы, біз Қазақстанда бір партияның басым болғанын және саяси бәсекелестіктің жоқтығын қолдандыңыз ба? Біз жылдам әрі тиімді әрекет еттік пе?", - деп сұрады Гүлнар Бажкенова.

"100 пайызға қолдандық. Қазір мақтана алатын барлық жетістігіміз осының арқасында, әрине кемшіліктер де болды", - деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, осыған дейін Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап бергені хабарланған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама