Назарбаев Семей полигонындағы сынақты Хиросима мен Нагасаки жарылысымен салыстырды

?азіргі уа?ытта Жапонияда ресми сапармен ж?рген ?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Семей ядролы? полигонында бол?ан сына?тарды? санын Хиросима мен Нагасаки жарылысымен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Жапонияда ресми сапармен жүрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық полигонында болған сынақтардың санын Хиросима мен Нагасаки жарылысымен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Семей ядролық полигонында болған жарылыс саны Хиросима мен Нагасакиде болған атом бомбасынан 2500 есеге артық",- деді журналистерге Назарбаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен өткізген келіссөзден кейін.

Айта кетейік, 9 қарашада Қазақстан Президенті Хиросима қаласына барады.

Реклама
Реклама

"Бізге, қазақстандықтарға, бұл жағдай өте таныс", - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның Жапониямен бірге ядролық қарусыз әлемді қалыптастыруда күрестіндерін айтты. 

Еске салайық, Қазақстан Президенті Токио қаласына ресми сапармен барған болатын. Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және "Токай" университетінде сөз сөйлеп, іскер топтар өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Сондай-ақ, Назарбаев Жапония Императоры Акихитомен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің түрлі саладағы өзара іс-қимылына, соның ішінде Жапонияның Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқталып, бұл елмен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында сенімді серіктестік орнағанын айтты.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама