09 маусым 2017 | 12:18

Назарбаев ШЫҰ көшбасшыларын жинады

© Тұрар Қазанғапов

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше (ШЫҰ) елдердің мемлекет басшыларының саммиті басталды. Саммит Қазақстан Президентінің төрағалығымен өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы тәуелсіздік сарайынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше (ШЫҰ) елдердің мемлекет басшыларының саммиті басталды. Саммит Қазақстан Президентінің төрағалығымен өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы тәуелсіздік сарайынан.

ҚХР басшысы Си Цзиньпин Тәуелсіздік сарайына алғашқы қонақ болып келді. Оны Қазақстан Президенті күтіп алды. Ал кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерін күтіп алды.

Реклама
Реклама

"Сіздердің барлығыңызды ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы аясында Қазақстан астанасында көруге қуаныштымын. Астанада ұйымдастырып отырған саммитімізге келгендеріңізге алғыс айтамын. Сондай-ақ, бүгін осындағы барлық президенттің атынан президент болып сайланған соң алғащ рет осы саммитке қатысып жатқан Өзбекстан президентіне алғыс айтамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ қатысушыларына.

Айта кетейік, 8 маусымда ШЫҰ мүшелері ресми сапармен Қазақстанға келген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев олардың кейбіреулерімен жеке кездесіп үлгерді. Сол күні кешкі уақытта қонақтар "Астана Опера" театрына Шанхай ынтымақтастық ұйымының көшбасшылармен отырыс өткізуге арналған концертке шақырылды.

Бүгін Астанада іс-шараның ресми бөлімі басталып жатыр. Дәстүр бойынша ШЫҰ көшбасшыларымен өтетін отырыс алдында Нұрсұлтан Назарбаев өзі жеке қонақтарды күтіп алып, кейіннен олармен бірге суретке түседі. Ал сосын хаттама бойынша Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы, сондай-ақ, құжаттарға қол қою рәсімі өтеді.

Осы кездесудің негізгі мақсаты - Үндістан мен Пәкістанның осы ұйымға кіруі. Олар Шанхай ынтымақтастық ұйымының толық құқылы мүшесі болады. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жақында осы елдердің премьер-министрлерімен кездескен болатын. Қазақстан Президенті Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-ға кіру процесі осыдан 12 жыл бұрын басталғанын айтып өткен еді.

ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының 17-ші Кеңесінде бірқатар құжат қабылданады деп жоспарланған. Мемлекет басшылары Астана декларациясына қол қояды, ШЫҰ-ның экстремизмге қарсы іс-қимыл Конвенциясы қабылданады. Жалпы алғанда 11 құжатқа қол қойылады. 

Келіссөздер кеңейтілген құрамда да, жеке құрамда да өтеді делінеді. Сондай-ақ, мемлекет басшыларының ШЫҰ жағдайына баға беріп, міндеттерді бекітіп, ұйымның даму перспективаларын анықтайды. 

Ал кешке жақын саммиттің барлық қатысушысы EXPO-2017 халықаралық көрменің ашылу салтанатының қонақтары болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная