Назарбаев Си Цзиньпинді құттықтады

© akorda.kz

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев Си Цзиньпинге ?ытай Коммунистік партиясы Орталы? Комитетіні? Бас хатшысы ?ызметіне ?айта сайлануына байланысты ??тты?тау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

"Сіздің басшылығыңызбен Қытай Коммунистік партиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту барысында елеулі жетістіктерге жетті.

Реклама
Реклама

Сізге достас Қытай мемлекетінің халықаралық беделі мен әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру жолындағы дамылсыз әрі жасампаз еңбегіңізге сәттілік тілеймін.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да қарқынды дамитынына, сондай-ақ халықтарымыздың достығы нығая түсетініне сенім білдіремін", - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық пен амандық тілеп, достас Қытай халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.

Еске салайық, 25 қазанда Қытайдың Коммунистік партиясының орталық комитетінің 19-шы шақырылымында Си Цзиньпинді бас хатшы етіп тағайындады. Сонымен қатар, ол елдегі ең жоғарғы әскери орган болып табылатын Орталық әскери кеңестің хатшысы болып тағайындалды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news9
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама