Назарбаев Сингапурдың Құрметті аға министрі, Парламент мүшесі Го Чок Тонгпен кездесті

© Ақорда

Мемлекет басшысы Сингапурды? ??рметті а?а министрі, Парламент м?шесі Го Чок Тонгпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Сингапурдың Құрметті аға министрі, Парламент мүшесі Го Чок Тонгпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері жан-жақты талқыланды.

Елбасы Сингапурдың инновация, технология және қаржы салаларындағы тәжірибесі аса бағалы екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Тәуелсіздіктің 25 жылында біз Сингапурмен тығыз қарым-қатынас жүргізіп келеміз және сіздердің елдеріңізді әрдайым өзіндік бағдар ретінде бағалаймыз. Сингапур қала-мемлекет екеніне қарамастан, әлемнің көптеген елдері үшін дамудың тиімді үлгісі бола білді. Біздің мемлекет құрудағы жолдарымыз көп жағдайда ұқсас. Осыған байланысты түрлі бағдарламалар мен стратегиялар әзірлеу және іске асыру барысында сіздің елдің тәжірибесін мұқият зерделеп отырамыз", - деді Қазақстан Президенті.

Го Чок Тонг Қазақстанға шақырғаны және көрсеткен қонақжайлылығы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

"Мен сіздің елде алғаш рет болып отырмын және оның даму қарқынына тәнтімін. Елдеріміздің арасында тығыз серіктестік байланыс орнағанына қуаныштымын. Қазір Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықтың барлық басты бағыттары айқындалған", - деді Го Чок Тонг.

Соңында Елбасы мен Го Чок Тонг елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама