ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 қыркүйек 2015 22:21
Назарбаев Сочиге XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін келді
Қазақстан Президенді Нұрсұлтан Назарбаев Сочиге Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сапар аясында Елбасы Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Форумның негізгі тақырыбы - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, сондай-ақ Свердлов облысының және Урал федералдық университетінің басшылығымен кездеседі.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу