ПОДЕЛИТЬСЯ
21 ақпан 2019 | 16:27
Назарбаев сот жүйесі туралы екі заңға қол қойды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесі туралы екі конституциялық заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесі туралы екі конституциялық заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - делінген бірінші хабарламада.
"Мемлекет басшысы сот жүйесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жаңғыртуға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген екінші хабарламада.
Показать комментарии
Читайте также