Назарбаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Душанбеге келді

©ortcom.kz

Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында шетел мемлекеттерінің басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

11-12 қыркүйекте Душанбеде Тәжікстан Республикасы президенті Эмомали Рахмонның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

Реклама
Реклама

Саммитке ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттердің, ШЫҰ диалогы бойынша әріптестердің, БҰҰ-ның және ШЫҰ ынтымақтастық қатынас орнатқан басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама