ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 қыркүйек 2014 17:46
Назарбаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Душанбеге келді
Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында шетел мемлекеттерінің басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
11-12 қыркүйекте Душанбеде Тәжікстан Республикасы президенті Эмомали Рахмонның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
Саммитке ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттердің, ШЫҰ диалогы бойынша әріптестердің, БҰҰ-ның және ШЫҰ ынтымақтастық қатынас орнатқан басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу