Назарбаев Тасмағамбетовпен кездесті

Назарбаев Тасмағамбетовпен кездесті ©Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Иманғали Тасмағамбетов кездесу барысында Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен келер жылғы міндеттері туралы баяндады

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін әрі қарай жетілдіру мен елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығына назар аударды.

Жарнама
Жарнама

Қорғаныс министрі, сондай-ақ, Қазақстан армиясын заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

 

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама