ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 желтоқсан 2017 16:33
Назарбаев телефон арқылы Ердоғанмен болатын кездесулерді талқылады
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар Түркияның бастамасымен биылғы 13 желтоқсанда Ыстанбұлда өткізу жоспарланып отырған Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс саммиті жөнінде пікір алмасты", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, Президенттер алдағы кездесулер кестесін, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды.
Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу