Назарбаев Тереза Мэйге көңіл айту жеделхатын жолдады

© Тұрар Қазанғапов

Н?рс?лтан Назарбаев ?лыбритания ж?не Солт?стік Ирландия Біріккен Корольдігіні? Премьер-Министрі Тереза Мэйге Манчестер ?аласында бол?ан террорлы? актіге байланысты к??іл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-Министрі Тереза Мэйге Манчестер қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта "Манчестер Арена" стадионындағы жарылыстар салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Бүгінде терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін қатаң айыптайды.

Реклама
Реклама

"Бүкіл Ұлыбритания халқына, қайғылы оқиға құрбандарының отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.  

Еске  сала кетейік, 22 мамырда Ұлыбританияның "Манчестер Арена" стадионында екі жарылыс болып, 20 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, 22 мамырда болған жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы жоқ. ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, стадионда өткен концертте 6 қазақстандық студент болған. Сондай-ақ, қазақстандықтардың зардап шекпегенін және олардың оқиға орнынан үйлеріне жеткізілгенін айтып өткен еді ол.  

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама