Назарбаев терминдерді қазақ тіліне аударуға қатысты пікір білдірді

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев кейбір терминдерді мемлекеттік тілге аудару?а ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кейбір терминдерді мемлекеттік тілге аударуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары ғалымдарымыз, жалпы біздің халық бір жаңалықты көріп қалса, бірден ұрандатып кететін. Шетелдің және орыстардың сөздерінен құтылғымыз келді. Барлық аударманы жасадық. Айтуға ұяласың", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы бірнеше мысал келтірді.

Реклама
Реклама

"Процент" сөзін түркі тілдес сөзге емес, керісінше, парсы тіліне аудардық - "пайыз" деп. Мен мұнымен келіспеймін.  (...) Маған марқұм Еркеғали Рахмадиев былай дейтін: "Мен композитор болдым, кейін "сазгер" болдым. Композитор, пианино сөздерінің несі жаман? Бұлар халықаралық сөздер ғой. Пианино сөзін "күй сандық" деп аудардық. Жалпы, тілімізді байыту үшін кейбір сөздерді аудардық", - дейді Президент.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мұндай терминологияны қазақ тіліне аудару міндетті емес екенін айтып өтті.

"Халықаралық терминдер қазақ тіліне енсе, ол тек қазақ тілін байытады. Мұнымен қоса, ол сөздердің санын арттырады", - деді Президент.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама