Назарбаев: "Төлей алмасаң, кредит алма. Ешкім зорлап жатқан жоқ"

Н?рс?лтан Назарбаев ?лтты? банкті? ж?мыс ?орытындысын тал?ылау кезінде ?кімет пен екінші де?гейлі банктерге ?аза?станды?тарды масылды? ?детінен арылтуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің жұмыс қорытындысын талқылау кезінде үкімет пен екінші деңгейлі банктерге қазақстандықтарды масылдық әдетінен арылтуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қайта қаржыландыру бағдарламаларына 130 миллиард теңге жұмсайтынбыз. Қазір 21 мың адал емес қарыз алушы бар. 19,5 мың адамға қарыз төлеу жеңілдетілді", - дейді Назарбаев. 

ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев осы мәселеге қатысты өз ойын айтты. 

Реклама
Реклама

"Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл мәселе бойынша екі пікір бар. Біріншісі - көмектесу керек. Екіншісі - көмектесу арқылы масылдыққа үйретеміз", - дейді ол. 

"Негізі кредит төлемеу бұл қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Бізде мұны ешкім түсінбейді. Төлей алмасаң, кредит алма. Алдың ба, қайтару керек. Әркім өз ісіне жауапты болу керек. Ешкім ипотекалық кредит ал деп зорлаған жоқ. Мемлекетке қаржы құятын сала жетерлік, осы халық үшін, экономиканы дамытуға, индустриализацияға. Сондықтан мұны қатаңдату қажет, тексеру керек. Екінші деңгейлі банктер, адамдарды масылдық әдетінен арылтыңдар. Үкіметке де осы тапсырма", - деді Елбасы. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама