Назарбаев "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңға қол қойды

© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы төлем нарығындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған "Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға қол қойды", - делінген жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ, Назарбаевтың заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойғаны айтылады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Парламент депутаттары "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заң жобасын биыл жазда қарастырады. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - төлем қызметтеріндегі төлем жүйесін реттеу, банктегі тәжірибелерді жетілдіру және төлем қызметін тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама